

Қатысушылар: 1-11 сыныптар
Мақсаты: Оқушыларға жаңа жылдық мерекелік көңіл күй сыйлау, мектеп ұжымында бірлік пен достықты нығайту, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру.
Өткізілген іс-шаралардың мазмұны мен барысы: Мектепте «Қош келдің, Жаңа жыл – 2026!» тақырыбында жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шаралар сыныптар арасында кезең-кезеңімен өткізілді.
1–4 сынып оқушылары үшін ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен жаңа жылдық ертегі кеші ұйымдастырылды. Оқушылар ертегі биін билеп, тақпақтар айтып, ән шырқады.
5–7 сыныптарда «Цветная вечеринка» форматында көңілді мерекелік кеш өтті. Оқушылар түрлі түсті киімдер киіп, қызықты ойындар мен би бағдарламасына белсенді қатысты.
8–11 сынып оқушылары үшін көңілді ойындар мен жаңа жылдық дискотека ұйымдастырылды. Оқушылардың көтеріңкі көңіл күйі мен белсенділігі байқалды.
Мерекелік кештің басты кейіпкерлері –
Аяз ата рөлінде дене шынықтыру пәні мұғалімі Жақсыбаев Данияр,
Ақшақар рөлінде ағылшын тілі пәні мұғалімі Сапар Алуа болды.
Музыкалық сүйемелдеуді музыка пәні мұғалімдері қамтамасыз етті. Барлық іс-шаралар қауіпсіздік талаптары сақтала отырып өткізілді.
Қорытынды: «Қош келдің, Жаңа жыл – 2026!» мерекелік іс-шаралары мазмұнды, қызықты және жоғары деңгейде өтті. Оқушылар жаңа жылды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып, мерекеден ерекше әсер алды. Іс-шаралар мектеп өмірінде жағымды атмосфера қалыптастырды.Жауапты:ДТЖО,педагог-ұйымдастырушы.