3-5 қазан күндері мектебімізде
қалалық «Алау әскери-спорттық» сайысы
өткізілді. Мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын
ұстануға бағыттау, патриоттық сана қалыптастыру. Шара барысында қала
мектептерінен 17 команда 2 күн аралығында өткен сайыс кезеңдеріне белсене
қатысып, жоғары нәтиже берді. Шараның ашылуына Талдықорған қаласы дене
шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Рымтаев Аділет Рымтайұлы және Пекин
олимпиадасының күміс жүлдегері, Грек-Рим күресінен спорт шебері Теңізбаев Нұрбақыт
Молдахметұлы қатысты.

