Бүгін 2022-«Балалар жылы» аясында Рақмет Сізге, Мектеп! Рақмет Сізге, Ұстаз! Ұранымен «Түлек 2022- жаңа Қазақстанның ертеңі» атты тақырыпта Сайын Мұратбеков атындағы «МДШО бар №9 орта мектеп» КММ–нің 11–сынып оқушыларының аттестат алу салтанатты жиыны өтті.
Құрметті ұстаздар, түлектер және ата – аналар, ең алдымен барлығыңызды да бүгінгі мерекелі күнмен құттықтап қоюға рұқсат етіңіздер!
Иә, мінеки, араға жылдар легін салып, кеше ғана бүлдіршін болып мектеп табалдырығын аттаған біздің ұл – қыздарымызды 2022-түлегі етіп ұясынан ұшырып отырмыз. Мектеп қашанда жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен руханиятқа толы ойдың, таным мен тәрбиелі істердің ордасы.
Осыған орай мектеп басшысы Ляйля Айтжанқызы және мектеп әкімшілігі мен мектеп ұстаздары, 11– сынып бітіруші түлектерімізді құттықтай отыра тек жақсылықпен, биік белестер мен өмірде жеңістер тіледі.
Сәт сапар саған, жас түлек!



