Бүгін 2022 «Балалар жылына» орай білім ұямыздың «МДШО бар 9 орта мектеп» КММ- де күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп, жыл сайын 25 мамырда түлектерімізге арналған сонғы қоңырауы мерекесі өтті. Мектеп басшымыз Ляйля Айтжанқызы арнайы келген қонақтарымыз және мектеп әкімшілігі, ұстаздарымыз түлектерімізге сәт сапар тіледі. 
Осы мерекемізге орай арнайы келген қонақтарымыздың бірі Әміре Әрін Жетісу газетінің бас редакторы өз сөзінде: «Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын!»- деп, керемет сөздерін айта кетті.
Он бірінші сыныпты бітірушілер өмірге жолдама алып жатса, мектеп табалдырығын өткен жылы алғаш аттаған бүлдіршіндер бір сатыға көтеріліп, ата-ананың, ұстаздар қауымының көз қуанышына айналды.
Соңғы қоңырау басталған кездегі үш толқын ұрпақтың: ата-аналар мен ұстаздардың, оқушылардың жүздеріндегі алаулаған шаттықты, көздеріндегі шуақты нұрды, көңілдеріндегі алабұртқан сезімді көргенде, кімнің де болса жан дүниесі толқымай тұра алмайды. Әсіресе, тәуелсіз еліміздің Әнұранын айтқанда, сарбаздай сап түзеп тұрған оқушыларымыз, оның ішінде бастауыш сынып бүлдіршіндері оң қолдарын жүрек тұсына қойып, Әнұранның сөзі мен әуенін әсем үндерімен әуелете айтқанда, мектеп ауласында керемет бір толқын кернеп кеткені анық.
Осыдан болу керек, атам қазақтың қуанышты сәтті «Үлкенінің мыңына бергенше, баланың біріне бер» дейтіні. Тіпті, сол тұста «Бағалай білу, ең әуелі өзімізді қадірлей білу» (А.Байтұрсынұлы) үлгісін ұл мен қыз айқын көрсетіп тұрды.
Ал мектебіміздің 2022 жылғы жас түлектерімізге мектеп ұжымы атынан соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!


