Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары.
Өздеріңіз білетіндей, 2022 жылы балаларды мектепке қабылдау ережелеріне Министрлік өзгерістер енгізді. Енді 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді.
1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.
Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz порталы арқылы көрсетіледі.
Қандай құжаттар қажет?
• Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
• Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)
• Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
• Егу паспорты (065/у нысаны)
• Баланың суреті (3*4 өлшемді)
Балаларды мектепке қабылдау ережелері туралы барлық сұрақтар бойынша «МДШО бар 9 орта мектеп» КММ-нің қабылдау бөліміне хабарласуыңызға болады.
Байланыс телефоны: 8(7282) 31-00-81.
Мектеп электрондық адресі: taldschool9@mail.ru.
Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары.
Ұқсас жарияланымдар
"Мағжан оқуы" қалалық кезең
17.04.2026
"Зерделі ұрпақ" 4-сыныптар арасында сайыс
16.04.2026
"Зерделі ұрпақ" 3-сыныптар арасында сайыс
16.04.2026