«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында: «Ұлттық код – менің бойымда» тақырында MI BATTLE зияткерлік ойын ақпараты

Өткізілген күні: 30.10.2025 ж

Қатысушылар: 7-11 сыныптар

Мақсаты: Оқушылардың ұлттық құндылықтар туралы білімдерін тереңдету, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, пікірталас мәдениетін қалыптастыру және зияткерлік белсенділігін арттыру.

Өткізілген іс-шаралардың мазмұны мен барысы:  «Ұшқыр ой алаңы» жобасының жоспарына сәйкес 7–11 сынып оқушылары арасында «Ұлттық код – менің бойымда» тақырыбында MI BATTLE форматындағы зияткерлік ойын ұйымдастырылды.

Ойын барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынасты. Сұрақтар мен тапсырмалар ұлттық салт-дәстүр, қазақ халқының тарихы, мәдениеті, тілі, әдебиеті және қазіргі қоғамдағы ұлттық құндылықтардың орны тақырыптарын қамтыды. Командалар өз ойларын дәлелдеп, қарсы тараптың пікіріне жауап беру арқылы пікірталасқа түсті.

MI BATTLE зияткерлік ойыны оқушылардың белсенді қатысуымен, жоғары қызығушылықпен өтті. Әр кезеңде оқушылардың тапқырлығы, логикалық ойлауы мен шешендік қабілеттері айқын көрініс тапты.

Қорытынды: Зияткерлік ойын нәтижесінде оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы артып, өз көзқарастарын еркін жеткізу дағдылары қалыптасты. «Ұлттық код – менің бойымда» тақырыбындағы MI BATTLE ойыны өз мақсатына толықтай жетіп, оқушылардың зияткерлік және рухани дамуына оң әсерін тигізді.

Ақпарат әлеуметтік желіге жарияланып,  білім басқармасына жолданды.